
Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА 155/6 мекемесінде кәмелетке толмаған сотталғандар арасында «Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз!» мерекелік іс-шара өтті. Наурыз мерекесі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториядан келген қызметкерлердің қатысуымен өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: салт-дәстүрді насихаттау, әдет-ғұрыпты жаңғырту, наурыз мерекесінің мұсылман елдерінде қалай тойланатынын хабардар ету. Жазасын өтеушілерді ынтымақты қарым-қатынасқа, мәдениеттілікке үйрету, әдептілік пен ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылады.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториядан қызметкерлерінен оркестрі домбырамен орындаған күйлермен әндері көпшіліктің көңілінен шықты.
Осы мерекеге ат салысып ұйымдастырып көмектескен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының қызметкерлеріне мекеме бастығының орынбасары келген қонақтарға зор алғысын білдіріп, мекеме бастығының атынан алғыс хаттармен мараппаттады.