
2022 жылғы 14-23 наурыз аралығында Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Алмалы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері " Пробация "республикалық-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. ТПМ барысында учаскелік инспекторлармен бірге есепте тұрған және түзеу мекемелерінен босатылған сотталғандардың қайталануын және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында пробация қызметі сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізді. Аталған іс-шараның мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жаңа қылмыстардың алдын алу, жолын кесу болып табылады.