Қазақстан Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы

Қазақстан Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жасады.
Аталған Жолдауды Алматы қаласы бойынша ҚАЖД жеке құрамы мен аталған департаментке қарасты ЛА-155/18 (тергеу изоляторы), ЛА-155/13 (қоныс колониясы) және ЛА-155/6 (балалар колониясы), күзет бөлімінің жеке құрамы тікелей эфирден көрді.
«Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі 1 жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік», - деді Президент.
Жеке құрам Президенттің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауындағы жаңалықтарға ризашылықтарын білдіріп, өзара талқылады. Президенттің «Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы - еліміздің егемендігі. Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі бәрінен қымбат», - деген ұлағатты сөзіне қолдау білдірді..