
Жуырда ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Е. Азимованың ұсынысымен Алматы қаласындағы ЛА-155/18 мекемесіне Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша НПБ қатысушылары Мирошниченко Игорь Олегович, Хасанова Олеся Закировна және Маусеитова Салтанат Маратқызы келіп, қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған адамдардың камераларын тексерді.
Тексеру кезінде олар ұсталғандармен әңгімелесіп, азаптау фактілері жайлы сұрақтар қойды. Күдіктілер тарапынан тергеу изоляторындағы ұстау жағдайына ешқандай шағым болған жоқ. Тексерушілер әрбік күдіктімен оңаша әңгімелесті.