Әйелдер күніне арналған іс-шара

Әйелдер күніне арналған іс-шара

Әйел қайда жүрсе де әйелге тән нәзіктігі мен мейірімділігін жоғалтпайды. Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/13 мекемесінде жазаларын өтеп жүрген әйелдер де аналар мен арулар мерекесі күні өздеріне арналған көңілді кештің қонағы болды.
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні аталған мекемедегі сотталған ер-азаматтар қыз-келіншектерге арнап көңілді кеш ұйымдастырды.
Олар өз күштерімен концерт ұйымдастырып, күй тартып, ән шырқады. Өнерпаздар арасында мейрам күні нәзік жандарды құттықтауға ата-аналарда келді. Олар жазалы болып, темір тордың қыспағында жүрген қыздарға домбыраның адемі күйін тыңдатты.
Әйелдерге арналған кеште сотталған азаматтар гитарамен де, ән салды және аналар мен аруларға арналған өлеңдер оқып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар мекеме әкімшілігінің тәрбие бөлімінің жасақ бастықтарының атынан аруларға әртүрлі номинация бойынша грамоталар тапсырылды.