
Қайырымдылық көмек
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Алмалы ауданының пробация есебінде туратын Ж. есімді сотталған, өмірлік қиын жағдайға тап болған, төрт жас баланы тәрбиелеп отырған, олардың екеуі ауыр науқастанған. Алмалы ауданының пробация қызметі еріктілермен және жеке тұлғалармен бірлесіп, ерікті және өтеусіз негізде сотталған Ж. азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетті, сондай-ақ оған пәтер жалдау төленді.
Аталған көмек оның тарапынан жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында көрсетілді.