
8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Күзет бөлімінде әйелдер мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекелік салтанатта мекеме басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, өз міндеттерін атқаруда кәсіби шеберлік танытқан бірқатар қыз-келіншектерді марапаттады.
Сондай-ақ Күзет бөлімінде қызмет атқаратын барлық аналар мен аруларға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстаған ер-азаматтар, өз күштерімен дайындаған өнерлерін тарту етті.