
Пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – бақылауға алынған сотталғандарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету.
Жуырда Алматы қаласы Алмалы аудандық пробация қызметінің бақылауына алынған К-ны есепке алу кезінде оның тұрақты жұмыс орны жоқ екені нақтыланды.
Сотталған К-ны жұмысқа орналастыру үшін Алмалы аудандық пробация қызметінің инспекторлары әділет аға лейтенанты А. Бүркітбаева мен К.Мұстафаев жеке кәсіпкерлер мен ЖШС басшыларына қоңырау шалып, жұмыссыз жүрген сотталғанға қол ұшын беруге өтініш білдірген болатын.
Пробация қызметі инспекторларының осындай бастамалары нәтижесінде пробация бақылауына алынған К. «Амбассадор» жеке кәсіпкерлігіне аула сыпырушысы болып тұрақты жұмысқа алынды.