
2022 жылдың 3 наурызында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті Кадр саясаты тобы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жеке құрам арасында Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Белбаев Қайрат Жұмабекұлы жалпыға бірдей декларациялау (270.00 нысаны бойынша) жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация ұсыну бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осыған байланысты ҚАЖ департаментінің жеке құрамы түсінбеген сұрақтары бойынша толыққанды жауаптар алды.