
2022 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесінің жеке құрамы Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл штабының басшысы С.Балғымбаевпен кездесу өткізді.
«Қазір Қазақстан дамудың жаңа кезеңін бастады. Жаңа қоғам құру үшін алдымен сыбайластыққа жол бермеуіміз керек. Жемқорлықтың алдын алу ең алдымен әр адамның өзіне байанысты. Сондықтан біздер Мемлекет басшысының жаңа Қазақстан құрудағы бастамасы мен қолға алған істеріне қолдау білдіріп, күшіміздің бірлікте, қуатымыздың ынтымақта екенін антымызға деген адалдық арқылы танытуға міндеттіміз»-деді С.Балғымбаев.
Кездесу соңында жеке құрамға сыбайластық жемқорлыққа жол берген мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті мен оларды ұстау кезінде түсірілген бейнеролик көрсетілді.
Аталған басқасу қылмыстық-атқару саласының қызметкерлері үшін өздерінің қоғамдағы беделін сақтауға және қылмысқа ымырасыз қарауға ықпал ететін кездесу болды.