
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/6 мекемесінде Заманына «XX ғасырдың Гомері», жыр дүлдүлі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевтың 176 жылдық мерекесіне арналған, әдеби-кеш Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, Шарайна Құмаровамен бірлесіп, жазалы жасөспірімдер арасында өткізілді.
Әдеби-кештің мақсаты: ақының өлеңдерін насихаттап, ұлттық құндылыққа баулу, адамгершілікке, ұлтжандылыққа кішпейілдікке тәрбиелеу.
Жазасын өтеуші жасөспірім сотталғандар – Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа қазақ және орыс тілінде, «Халық-менің шын атым», «Қайта келген жастық шақ», «Алғадай туралы», «Ленинградттық өренім», «Балаларға» т.б өлеңдерін жатқа екі тілде оқыды.
Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері-оның айтыстары. Осы кештің көркін келтірген Мағазы Т . Жамбылдың жырларын жатқа айтып берді.
Концерттік бағдарламаның соңы, Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің «Жыр алыбы- Жамбыл!» туралы дайындаған кітап көрмесін көрсетумен, викторияналық сұрақтар қойып, жауаптар алынды. Іс-шара соңында Құмарова Шарайна Файзулаевна өлең оқыған жазасын өтеушілерді грамоталармен марапаттады.
Өтетін барлық іс-шараларға белсене араласып, өз тараптарынан көмек көрсетіп отыратын Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапхана ұжымына, мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы А. Бәзілбаева мекеме бастығының атынан зор алғысын білдірді.