
Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында 1-наурыз «Алғыс айту күні» орай мекемеде «Ашық есік» күні өтті. Аталған іс шараға Алматы қаласының білім басқармасына қарасты «Оқушылар үй №6 ЮНЕСКО клубы» директоры Аришева Зейнеп Аидиаровна және ұлттық аспатар, домыбра үйірмесінің жетекші ұстазы Акбимов Мерхат Сейтказиевич концертік бағдарлама ашық есік күніне жазасын өтеуші жасөпірімдер және ата-аналармен қонақтарға мерекелік концертік бағдарлама өтті. Іс-шараны мекеме бастығы әділет подполковнигі Толубаев Мирас Андреевичтің құттықтау сөзімен басталды. Концерттік бағдарламаға жазасын өтеуші жасөспірмдер өлеңдермен әндермен айтып, ұлттық аспапта өз өнерлерін көрсетті. Іс шараның соңы мекеме бастығының Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар әділет подполковнигі Нуржанова Гулшат Ықласовнаның келген өнер саласындағы қонақтарға алғыс айтып мекеме бастығының атынан «Алғыс хат» пен марппаттады.
Іс шара соңы мерекелік үстелмен аяқталды.