Алматы қаласындағы Тергеу изоляторының басшылығы Алматы қаласы Полиция департаментіне қарасты емхана дәрігерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Алматы қаласындағы Тергеу изоляторының басшылығы Алматы қаласы Полиция департаментіне қарасты емхана дәрігерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Алматы қаласындағы Тергеу изоляторының басшылығы жуырда Алматы қаласы Полиция департаментіне қарасты емхана дәрігерлерін Алғыс хатпен марапаттады.
«Аталған емхана дәрігерлері қаңтардағы қиын сәттерде бізге көмекке келіп, Тергеу изоляторына жеткізілген жаралыларға дер кезінде дмедициналық көмек көрсетуге белсене араласты. Емхана меңгерушісі Бақжанар Мұхамадиева, травматолог Артур Қуандықов, хирург Қасымхан Анарбекұлы, мейірбикелер Айкен Нұрпейісова мен Салтанат Асылбаева сияқты ақ желеңді абзал жандарға алғысымыз шексіз»-дейді ЛА-155/18 мекемесі бастығының орынбасары әділет полковнигі М. Кәкімжанов.
Дәрігерлерді марапаттауға арналған салтанат соңында алғыс иелері де сөз сөйлеп, мекеме басшылығына ризашылықтарын білдірді.