
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/6 мекемесі кадр саясаты тобының қызметкерлері мекемеде қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің "Сыбайлас жемқорлықтан" аулақ болулары мақсатында, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы-iс қимыл департаментiнiң өкілі Саят Сергеевич Балгимбаев мырзамен жұмыстық кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қазiргi уақытта басты мәселелердің бірі болып отырған қызметкерлердің пара алуы және пара берулері сондай-ақ өздерінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланулары бойынша бiрнеше мысалдар келтіре отырып, қызметкерлерге осындай жағдайлардан аулау болулары туралы кеңес береді және "Сыбайлас жемқорлық" агенттігінің 2021 жылдардағы атқарылған жүмыстары аясында бейне роликтер көрсетті.