Жуырда ІІМ ҚАЖ комитеті Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшылығы және Кадр саясаты тобының қызметкерлері «Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырды.
Аталған семинар-кеңеске Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Канат Асембайұлы Салимбаев және осы департаменттің ақпараттық барлау штабының басшысы Саят Сергеевич Балгимбаев қатысып, жеке құраммен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиімді жолдар туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ, «Жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында баяндама оқылып, Республика көлемінде жемқорлыққа байланысты ұсталынған жоғары лауазымды басшылар туралы бейнеролик көрсетілді.