
Жуырда ҚАЖК Алматы қаласы ЛА-155/13 мекемесінің жеке құрамымен және Алматы қаласы Түрксіб ауданының салық қызметінің қызметкерімен кездесу өткізілді. Кездесуде салық тапсырудың жолдары және не мақсатта тапсырылатыны туралы сөз қозғалды. Декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылатындығын айтып жеткізді.