"Акниет" қоғамдық қорымен семинар-тренинг өткізілді

"Акниет" қоғамдық қорымен семинар-тренинг өткізілді
Жуырда Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері арасында «Ақниет» қоғамдық қоры психологиялық қызметінің жетекшісі Шынар Наурызбаева «Сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты қабылдау және оны дұрыс жеткізудің тәсілдері» деген тақырыпта семинар-тренинг өткізді.
Тренинг барысында психология маманы қызметкерлерге әралуан сұрақтар қойып, сотталғандармен жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлау арқылы олардың әрекеттеріне дұрыс баға беру жолдары туралы әңгіме өткізді. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандармен жұмыс істейтін мамандар деструктивті діни ағымдарды ұстанушы сотталғандармен мақсатты, үздіксіз, жүйелі, кешенді теологиялық оңалту жұмыстарына да белсене ат салысады. Бұл біріншіден ҚАЖ мекемелерінде осы теріс идеялардың таралуының алдын алуға ықпал етсе, екіншіден сотталғандарға теологиялық және психологиялық тұрғыдан дұрыс бағыт-бағдар беруге ықпал етеді.