
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің аппараты жақында Бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар да барып, өз мамандықтарына сәйкес жұмыс түрлерімен танысып, ары қарай жұмысқа орналасу үшін жіберілді. Бұл орайда сот үкімі бойынша жәбірленушілердің өтемақы қорына төлем бойынша берешегі бар адамдарға ерекше назар аударылды.