ЛА-155/13 мекемесінде 2020-2021 жылдың қорытындысы өткізілді

ЛА-155/13 мекемесінде 2020-2021 жылдың қорытындысы өткізілді

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/13 мекемесінде 2020-2021 жылдың қорытындысына арналған аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Аппараттық кеңесте мекеме бөлімдерінің алдағы уақыттағы жұмыс жоспары пысықталып, өткен жылғы қол жеткен жетістіктер мен кемшіліктер де сараланды. Сотталғандарды жұмысқа орналастыру және олардың мекеменің ішкі тәртібін сақтаулары, оған бағынбау және қылмыс жасау фактілері талқыланды және олардың мекеме қоғамдық жұмыстарына қатысу белсенділігіне баға берілді. Сондай-ақ болашақта құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар белгіленді.