Өмір сыйлаймыз

Өмір сыйлаймыз
Донор дегеніміз – денсаулығы аса мықты адам. Сіз донор болу арқылы қанға зәру науқастарға өмір сыйлайсыз, ал бұл аса қымбат сыйлық. Олардың арасында сіздің танысыңыз, достарыңыздың достары, әріптесіңіз немесе туыстарыңыз болуы мүмкін. Осыны ескерген Алматы қаласы Алмалы аудандық пробация қызметінің мамандары жуырда Алматы қалалық Қан орталығына келіп, қан тапсырды.
Айта кетерлігі, полицияның сервистік моделінің бір бағыты – полиция қызметкерлерінің қоғаммен тығыз байланысы. Алматыдағы бүкіл елді дүр сілкіндірген қаңтар оқиғасы кезінде көптеген адамдар зардап шекті, қанға аса мұқтаж азаматтар болды. Донорлардың қаны түрлі жұқпалы ауруларға тексерілетіндіктен қауіпсіз болып саналады.