Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Жуырда Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Асімбайұлы Салимбаев Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/13 мекемесінің жеке құрамымен кездесті.
Кездесуде Қанат Асімбайұлы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлықа қандай қылмыстар жататынын атап айтып, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің жолдарын түсіндіріп, жемқорлыққа қандай жаза қолданатынын да ескертті.
Қ.Салимбаев қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалатынын айтып жеткізді. Ол мекеме қызметкерлерін сақ болуға, қандайда бір заңсыз жағдайларға куә болса, міндетті түрде хабар беріп, алдап-арбауларға сенбей, заң шеңберінде жұмыс жасауға шақырды.