Қазақтың қара өлеңі құдіретім...

Қазақтың қара өлеңі құдіретім...
«Жырыңмен жаным жай табар...»
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Алматыдағы балалар колониясындағы мектеп оқушылары арасында «Қазақтың қара өлеңі құдіретім...» атты жыр мүшайрасы өтті. Мүшайра шарттарына байланысты оқушылар ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған әндер орындап,өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп жатқа оқыды.
Отбасы мен жақын жандарынан жырақта жүрген жазалы жасөспірімдер ақынның жырларын шабыттана оқып, поэзия құдыретіне бас иді.
Шара соңында №3 жалпы білім беретін орта мектеп директоры Зәуреш Оразқызы Атенова жеңімпаз оқушыларға Мақтау қағаздарын табыстады.
Сонымен қатар №2 кәсіптік мектеп директорының орынбасары Жасұлан Жанабекұлы Қасымов та өнерлері өрге озған оқушыларға Алғыс хат табыстады.