Посещение ОНК

Посещение ОНК
Қаңтар оқиғасынан кейін бұқаралық-ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ЛА-155/18 тергеу изоляторы ғимаратының ішінде ұсталғандарды азаптауға арналған жертөле бар деген жалған ақпарат тарауда.
Алматы қаласындағы тергеу изоляторы 1360 адамға арналған. Алайда қаңтар айында тергеу қамауындағылардың саны 1400-ден асып кетті. Қаңтарда қалыптасқан ерекше жағдайларға байланысты 200 орындық уақытша оқшаулау блогы ашылды.
Таралған ақпаратқа байланысты
ЛА-155/18 тергеу изоляторына Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері мен Алматы қаласы прокуратурасының келді. Тергеу изоляторының, режимдік корпустардың және жертөле үй-жайларының аумағын аралау жүзеге асырылды. ҚАЖ мекемесінің аумағында екі қабатты әкімшілік ғимарат және 4-5 қабатты 6 режимдік корпус орналасқан. Аталған режимдік корпустарда коммуникациялық жүйелер мен жылыту тораптарына арналған жартылай жертөле үй-жайлары бар. Бұл үй-жайларға кіру корпустардың сыртқы жағынан жүзеге асырылады. Мекемеге түсушілерді қабылдау режимдік корпустың бірінші қабатында жүзеге асырылады.
Корпустарды аралау қорытындысы бойынша арнайы жабдықталған камералар мен үй-жайлар анықталған жоқ.
Айта кетейік, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.