Ревакцинация – коронавирустық вакцинацияның үшінші дозасын алу

Ревакцинация – коронавирустық вакцинацияның үшінші дозасын алу
Коронавирустың мутацияланған түріне қарсы күрестің жалғыз сенімді әдісі – ревакцинация.
«Ревакцинация – бұл коронавирустық вакцинацияның үшінші дозасын алу. Кейде «үдеткіш» вакцина термині қолданылады, яғни тағы бір қосымша. Уақыт өте келе, ағзаның инфекциядан қорғалу деңгейі төмендейді. Антиденелер, В лимфоциттер, лимфоциттер және жад жасушалары сияқты иммунитеттің құрамдас бөліктері қайтадан жұмыс істеуі үшін вакцинаны қайталап алу керек. Соған байланысты Алматы қаласының ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер арасында сотталғандар толықтай ревакцинациядан өтуде.
Инфекционист мамандардың түсіндіруі бойынша егер вакцина егілмесе, "омикрон" да, "дельта" да, коронавирустың басқа штамдары да тоқтамайды.
Бұл жұмысты ЛА-155/18 мекемесінде 24-ші қалалық емхана және ЛА-155/13 мекемесінде қалалық 9-шы емхана,ал ЛА-155/6 мекемесінде қалалық 5-ші емхана дәрігерлері жүзеге асыруда.