Экстремизм мен терроризмді қаржыландырудан сақтану тақырыбындағы ақпарат

Экстремизм мен терроризмді қаржыландырудан сақтану тақырыбындағы ақпарат

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінде сотталғандар арасында Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес түсірілген бейнеролигі көрсетілді. Сондай-ақ экстремизм мен терроризмді қаржыландырудан сақтану тақырыбында ақпарат берілді. Осы заң бойынша сотталған адамдардың өздерінің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаржысын жұмсау құқығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.