Жуырда Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты аудандық пробация қызметкерлері арасында «Пробация қызметінің үздік қызметкерін» анықтауға арналған конкурс болып өтті.
Аталған конкурстың мақсаты пробация саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін айқындап, үздік қызметкерді анықтаумен қатар, аталған қызметтің жауапкершілігі мен қыр-сырын паш ету болды.
ҚАЖД аумақтық пробация қызметтерінің қатарынан кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру мақсатында ҚАЖД құрамының өкілдерінен тұратын комиссия құрылды.
Конкурсқа қатысушылар бірінші кезекте нормативтік-құқықтық құжаттарды меңгеруден, қызметтік дайындықтан сынға түсті. Бұл орайда конкурсқа қатысқан қызметкерлер арасында ең жоғарғы көрсеткішке Жетісу пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Жазира Талғатқызы Құлмағамбетова ие болды.