Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары және мекеме басшылары, Түрксіб ауданы прокуратурасының өкілдері қатысты.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің басты қызметі мен мақсаты -сотталғандарды еңбекпен түзеу және негізгі заңдылықтар бойынша, бас бостандығынан айырылған сотталғандарды еңбекке баулып, жұмысқа тарту негізін реттеу болып табылады.
ҚР ҚАК және Еңбек заңнамасына сәйкес, сотталғандардың жұмыс жасау жағдайлары, еңбекті қорғау ережелері, техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария нормалары бойынша жұмыс барысы реттеледі.