
Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде 412 сотталған тұр, оның ішінде 158 азамат «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында жазадан босатылады немесе жаза мерзімдері қысқартылады. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап сотталғандардың жеке істері аудандық прокурор мен пробация қызметкерінің қатысуымен сотпен қаралуда.
Соның бірі сотталған азамат А., Алматы облысы Талғар ауданының сотымен ҚР ҚК-нің 188 бабының 1-бөлігімен айыпталып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Әуезов аудандық сотының қаулысымен Заңға сәйкес ол жазасын өтеуден босатылды.