Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету

Алматы қаласы Алатау ауданы пробация қызметінің есебінде 680 сотталған тұрады. Олардың ішінде көбісі уақытша құрылыстарда істесе,біразы табысы тұрақсыз жұмыстар атқарады. Осыған орай жуырда Алатау аудандық пробация қызметкерлері «Атамекен»  мемлекеттік кәсіпорнына есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағдарламасы аясында тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге көмек көрсету туралы хат жолдады.  Хатта есепте тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету олардың қайталап қылмыс жасауларының алдын алатын бірден бір мүмкіндік екені де баяндалды.