Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өткізілген жұмыстар

Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өткізілген жұмыстар

Алматы қаласы ЛА-155/13 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде ұсталатын сотталғандарға  еліміздегі болып жатқан жағдай, террористік шабуыл жасағаны жөнінде, яғни бір топ адамдар бір уақытта республиканың бірнеше қаласында түрлі нысандарға шабуыл жасағандары жөнінде ақпарат жеткізілді.
Сонымен қатар сотталғандарға мекеменің мәжіліс залында республикалық телеарнаның жаңалықтары мен Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа үндеуі көгілдір экран арқылы көрсетілді.
Төтенше жағдай кезінде мекемедегі сотталғандар мен туған - туыстары арасындағы қатынас үзілген жоқ. Мекеме қызметкерлері бейнеконференция арқылы сотталғандар туыстарының қал жағдайы мен тұрмыстық ахуалын біле алды.