
Қаңтар айы елімізде үлкен дүрбелеңмен басталды. Осы қиын кезеңде жанкештілікпен қайрат көрсеткен құқық қорғаушылардың еңбегі ерен болды. Уақытпен санаспай еңбек еткен тәртіп сақшылары елімізде қайтадан тыныштық орнауы үшін аянбай күресті. Бұл уақытта Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы да күндіз-түні жұмыс орындарынан табылды. Сотталғандар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, олардың тәртіпті қатаң сақтаулары мен заңға бағынуларына ұйтқы бола білді.
Осындай кезде ҚАЖД қызметкерлеріне ыстық тамақ тасып, қайырымдылық танытқандар да болды. Солардың бірі –Алматы қаласындағы «Истоки Добра» деп аталатын қоғамдық қор. Қайрат Нұрсұлтанов, Амина Омарова, Корнео Серафимы бастаған қор өкілдері Қылмыстық-атқару жүйесіне келіп, жеке құрамға ыстық тамақ ұйымдастырды. Қайырымды адамдардың қиын кезеңде қолдау көрсеткені үшін қызметкерлер оларға жүрекжарды алғыстарын білдірді.