Жетісу аудандық Нұр-Отан партиясының өкілдерімен кездесу өткізілді

Жетісу аудандық Нұр-Отан партиясының өкілдерімен кездесу өткізілді

Жақында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінің жеке құрамы Жетісу аудандық Нұр-Отан партиясының өкілдерімен кездесу өткізді. Мекеменің  2021 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген кездесуде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу жайлы кеңінен әңгіме болды.

Сонымен қатар жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамалардың талаптары мен аталған қылмыс түріне қатысты қолданылатын жаза түрлері түсіндірілді.