Алматы қаласы Жетісу аудандық № 2 сотында бірлескен отырыс өтті

Алматы қаласы Жетісу аудандық № 2 сотында бірлескен отырыс өтті

Жуырда Алматы қаласы Жетісу аудандық № 2 сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 81-VII Заңын қарау бойынша бірлескен отырыс өтті.

Отырысқа Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының судьялары, Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры, 2-сыныпты заңгер Б.Қ.Қуаныш, Жетісу аудандық Пробация қызметінің жеке құрамы мен ЛА-155/6 мекемесі өкілі қатысты. Жиналғандар «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңын қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталған адамдарға қолдану тәртібі туралы мәселені талқылап, аталған заңды зерделеді. Сондай-ақ аталған заңды қолдану кезінде туындайтын мәселелерді және сотталғандар арасындағы әлеуметтік жағынан осал адамдарға рақымшылық жасауға жататындарды анықтауды бірігіп шешу туралы келісімге келді.