
ЛА-155/6 мекемесінде, кәмелет жасқа толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында «Кітапты шексіз оқу» жобасы аясында іс-шара өтті. Бұл жобаға әділ қазылар мүшесіне Алматы қаласы «Jas Otan» Жастар қанатының өкілі Бейбарыс Зарипов, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының бөлім басшысы Шарайна Құмарова, «Халықаралық әлеуметтік жобалар Қауымдастығы» өкілі Масаты Қасымжанова, №2 кәсіптік мектеп директоры Жасулан Қасымов шақырылды. Жазасын өтеушілер өздерінің оқыған «Махаббатым-констант», «Махаббат қызық мол жылдар», «Шұғаның белгісі», «Көшпенділер», «Волоколамское шоссе», «Великое нечто», «Граф Монте-Кристо», «А зори здесь тихие», «Қорғансыздың күні» кітаптарының мазмұнын қысқаша айтып түсіндірді.
Іс шараның соңын қортындылап, әділқазылар барлық қатысушыларға жоғары баға берді. Алматы қаласы «Jas Otan» Жастар қанатының өкілі Бейбарыс Зарипов қатысушыларды дипломмен марапаттады. Қатысушылар мекеме бастығының құқығымен көтермелеу шараларына ұсынылатын болады.