Жыл басынан ЛА-155/18 тергеу изоляторында 6300-ден астам адам ұсталынды

Жыл басынан ЛА-155/18 тергеу изоляторында 6300-ден астам адам ұсталынды

Қылмыстық-атқару саласында сотталғандарды басқа мекемелерге жеткізу ҚР Ұлттық ұлан бөлімшелерімен бірге жүзеге асырылады. Осыған байланысты жуырда Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының, Алматы облысы бойынша ҚАЖД, № 7552 әскери бөлімінің және ЛА-155/18 мекемесінің басшылығы қатысқан кеңес өткізілді. Сонымен қатар аталған кеңеске Алматы облысына қарасты ЛА-155/8, ЛА-155/12, ЛА-155/14, ЛА-155/4 мекемелерінің өкілдері де шақырылды.

Кеңесте сотталғандарды бір мекемеден екінші мекемеге жеткізудегі негізгі мәселелер қаралып, өзара пайдалы шешім қабылданды. Басқосуға қатысушылар сондай-ақ штабтар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру бойынша да мәселелерді талқылады.

ЛА-155/18 мекемесі Республиканың ең үлкен тергеу изоляторларының бірі болып табылады, бұдан басқа сотталғандар жазасын одан әрі өтеу үшін жіберілетін транзиттік-өткізу пункті болып табылады. Күн сайын Алматы – Орал, Алматы–Түркістан, Алматы–Қарағанды, Алматы – Семей, Алматы – Защита бағыттары бойынша пойыздар жолға шығады.

Ағымдағы жылдың 11 айында ЛА-155/18 тергеу изоляторына 6300-ден астам адам келді, олардың 2000-ға жуығы республиканың басқа өңірлеріне транзитпен жөнелтілді.