
ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының ұйымдастыруымен "Қазіргі уақыттағы құқық қорғау органдарының психологиялық жұмысындағы проблемалық мәселелерді талқылау» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті Кадр саясаты тобының инспектор-психологтары әділет лейтенанты Д. Хаснулина мен әділет аға лейтенанты М. Дүйсембаев талқылауға қатысып, тәжірибе алды.
Дөңгелек стол барысында құқық қорғау органдарының жұмысын реттеу кезіндегі инспектор-психологтардың ролі мен психологиялық жұмыстың өзекті мәселелері талқыланып, оған құқық қорғау органының 75-тен астам қызметкері қатысты.