
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД басшылығы тарапынан бос жұмыс орындарын толықтыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осы мақсатта Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты Күзет бөлімі РММ бастығының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары әділет майоры Р. Шаяхметов және әділет аға лейтенанты Б. Құсайнов, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында орналасқан 6654 әскери бөлімінің мерзімді қызметін аяқтайтын сарбаздармен кездесіп бос жұмыс орындарын толықтыру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында сарбаздарға жұмысқа орналасу тәртібі, тұрғын үй төлемдері туралы, зейнеткерлікке шығу тәртібі және әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі түсіндірілді.