
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі жетіспейтін мамандықтардың бірі – медицина қызметкерлері. ЛА-155/6 мекемесінде 1 бірлік СЭС бактериолог, 1 бірлік эпидемиолог 1 бірлік санитар дәрігер, 1 бірлік фтизиатор, 1 бірлік терапевт дәрігерінің бос лауазымдары бар.
Осы орайда жуырда Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінің медицина бөлімінің қызметкерлері С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің бітіруші түлектерімен кездесті.
Кездесу барысында аталған мекемесінің медицина мамандары болашақ дәрігерлерге ішкі істер органдары жұмысының артықшылықтары мен жеңілдіктері туралы әңгімелеп, қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктерін түсіндірді.
Атап айтқанда ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілінің 1 жылы 1,5 жылға есептеледі, сондай-ақ ішкі істер органдарында 25 жыл үздіксіз жұмыс істегендер жас ерекшелігіне қарамастан зейнетке шығады және жеке тұрғын үйі болмаған жағдайда жалдамалы тұрғын үй өтемақысын алады. Тағы бір мүмкіндік – мемлекеттік бағдарламалармен пәтер ала алады.
ҚАЖД қызметкерлері мен университетті бітірушілер арасындағы кездесу мекемелерге медицина қызметкерлерін тартудың ықпалды жолы болды деп айтуға болады.