7552 әскери бөлімінің сарбаздары алғыс хаттармен марапатталды

7552 әскери бөлімінің сарбаздары алғыс хаттармен марапатталды

Жақында Алматы қаласы бойынша ҚАЖД және ЛА-155/18 мекемесінің басшылары 7552 әскери бөлімінде болып, жауынгерлермен кездесті. 7552 әскери бөлімінің жауынгерлері ҚАЖ қарасты мекемелер арасында сотталғандар мен күдіктілерді тасымалдау кезінде талапқа сай қызмет өткеріп жүр.

Департамент басшылығы кездесу кезінде әскери борышын орындаудағы жауапкершілігі, жауынгерлік даярлық кезіндегі жетістіктері үшін және үлгілі әскери тәртібі үшін Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, елге оралатын жауынгерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Олардың арасында Бағдаулет Сейдазанов, Серік Ерғалиев, Сержан Шегебай, Абзал Аллази, Шерліхан Палов, Бағлан Жусибалиев, Сағынбай Дунгуат, Нариман Қожабеков сияқты жауынгерлер бар.