Есепте тұрған азаматтар арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды

Есепте тұрған азаматтар арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды

Алматы қаласы Бостандық ауданының пробация қызметінде жуырда "Жас Отан" жастар қанатымен бірлесіп аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды. Турнирге барлығы 4 ойыншы қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты сотталғандарды тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың аясында салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар турнирді өткізуге жауапкершілікпен қараған қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің беделін арттыру, шахмат ойынының белсенді әуесқойларын анықтау.

Турнир айналмалы жүйе бойынша өткізілді, ең мықтылар финалда бірінші орын үшін сайысқа түсті. Әр партияға 20 минуттан аспайтын уақыт бөлінді. Аталған турнир барысында бірінші орынды Әлішер есімді ойыншы, екінші орынды Руслан, үшінші орынды Алексей, төртінші орынды Бақытжан иеленді.

Турнирге қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.