
Пробация қызметі бүгінгі күні жазасы бас бостандығынан айырумен байланысты емес адамдар үшін басты тәлімгер және қамқоршы болып табылады.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы Жетісу аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз 400 жуық сотталған тұр. Бөлім статистикасы үнемі қозғалыста болады. Бірақ, үлкен жұмыс жүктемесіне қарамастан, есепте тұрған азаматтар пробация қызметкерлерінің қырағы қадағалауында.
Бүгінгі күні "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде пробация қызметінің инспекторлары Алматы қаласы Жетісу ауданының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруді жүргізуде.
Тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізу барысында сотталғандарға сот жүктеген міндеттерді орындау, оларды орындамаған жағдайда жауаптылыққа тарту тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген пробациялық бақылау тәртібін бұзудың салдарлары қайта түсіндіріледі.
"Ең алдымен, бұл іс-шаралар қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдар тарапынан жаңа қылмыстарды жасаудан алдын алу, жолын кесу ретінде өткізіледі. Сонымен қатар, негізгі міндет-қылмыстың қайталануын болдырмау, іздеудегі сотталғандардың мекен жайын анықтау".
Естеріңізге сала кетейік, "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады.