
Алматы қаласы Алмалы аудандық пробация қызметі бөліміне ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімі және ҚК-тің 63- бабы бойынша сотталған Н. атты азаматшаға қатысты Алмалы аудандық сотының үкімі келіп түсті. Көрсетілген бап бойынша Н-ды материалдық жауапты қызметтерді атқару құқығынан айырып, оған 5 жыл шартты сынақ мерзімі тағайындалған.
Осыған орай ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 72-бабы, 5-тармағының 3-ші тармақшасына сәйкес Алмалы аудандық пробация қызметінің инспекторы сотталған Н-ның жұмыс орнын тексеріп, оның жұмыс істейтін ұйымымен сот үкімін орындауға қатысты акт жасалды. Сондай-ақ мекеме әкімшілігіне соттың үкімі мен хабарлама тапсырылды.
ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 75-бабына сәйкес сотталған жұмыс жасайтын ұйымның әкімшілігі үкім мен хабарламаны алған соң 3 күннен кешіктірмей сотталған адамды атқаруға тыйым салынған қызметтен немесе лауазымнан босатуға міндетті. Мекеме әкімшілігі сот үкімінің талаптарын орындамаған жағдайда ҚР ҚҚ 430- бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылу жауапкершілігі бар екендігі хабардар етілді. Тексеріс барысында сотталған Н-ның атқарып отырған қызметі материалды жауапты қызмет емес екендігі анықталды.