
Жуырда Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының» мамандары діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары аясында лекция өткізді. Кездесуде Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы философия ғылымдарының кандидаты Джекебаева Мақпал Әбілқызы сөз сөйледі. Дәріс ЛА-155/18 мекемесінің қызметкерлері мен шаруашылық жұмыстарын орындау үшін қалдырылған сотталғандар арасында өткізілді. Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымның белгілерін тани білу, экстремистік және террористік ұйымдардың өздеріне тарту тәсілдері жайлы түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекетіміздің гүлденуі мен қоғамның қауіпсіздігін сақтау үшін конфессияаралық келісімдердің маңыздылығы жайлы да әңгімеледі.