ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРМЕТІНЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРМЕТІНЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ

Биыл егеменді еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 маусымдағы № 443 қаулысымен "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Республика Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелеріндегі сотталғандарға осы Заң жобасының негізгі ережелерінің нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында сотталғандарға жаза өтеу тәртібін қасақана бұзушыларға рақымшылық актісі қолданылмайтыны баса айтылды. «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы әрбір жасақтың құқықтық ақпарат бұрыштарының стендтеріне ілініп, әрбір сотталғанмен сұхбат жүргізілді.