
Жуырда Алматы қаласы Түрксіб ауданында аудан әкімдігінің, Түрксіб аудандық прокуратурасының қолдауымен және «Реванш» қоғамдық қорының бастамасымен қаланы көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында аталған аудандағы Михайловский көшесіне 50 ағаш отырғызылды. Көгалдандыру жұмысына пробация қызметінің есебінде тұрған 30 сотталған қатысты.
Акцияның мақсаты – пробация бақылауындағы сотталғандардың жауапкершілік сезімін арттыру арқылы олардың мәжбүрлі еңбекті жауапкершілікпен орындауына ықпал ету.