
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының "Мониторинг және талдау орталығы" Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыс шеңберінде дәріс өткізді. Кездесуде Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, ҚР ҰҚК Академиясының оқытушысы, философия ғылымдарының докторы Гүлнар Жұманова "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу" тақырыбында дәріс оқыды. Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері туралы айтылды. Сондай-ақ, Спикер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекеттің өркендеуі үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл іс-шара тиісті деңгейде өтті, тыңдаушылар риза болды.