Сотталғандарды бейімдеуге арналған біріккен отырыс

Сотталғандарды бейімдеуге арналған біріккен отырыс

Алматы қаласы «Jas Otan» Жастар қанатының коворкинг орталығында «QAZAQSTAN JASTARY» Қоғамдық қорының бастамасымен, Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының қолдауымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар мен азаматшаларды әлеуметтік бейімдеу мақсатында жасалған жобаның қорытынды дөңгелек үстелі өтті.

Отырысқа жоба бойы үйлестіруші Зарипов Бейбарыспен тығыз жұмыс жасаған Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті өкілдері, Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімі маманы, жоба психологі, 8 аудандық пробация қызметкерлері және ЛА-155/13, ЛА-155/6, ЛА-155/18 мекемелері сотталғандардың арасында тәрбиелік, әлеуметтік — психологиялық жұмыс бөлімдерінің қызметкері қатысты. 

8 аудандық пробация қызметкерлері бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар мен азаматшаларды әлеуметтік бейімдеу жұмыстары туралы қысқаша баяндап кетті. Жоба үйлестірушісі модератор болып, жасалған жұмыстарды қорытындылап өтті. Жоба бойынша, пробация есебінде тұрған азаматтар мен азаматшаларды жұмыспен қамту мақсатында 21 мекемелермен шартқа отырғандығы туралы айтып, жалпы 51 психологиялық және құқықтық кеңестер берілді.

Жоба соңында еркін пікір алмасу болып, жоғарыда аталған мамандардың біліктілігінің арқасында алдыға қойған мақсаттар орындалды. «Qazaqstan jastary» Қоғамдық қорының атқарған жұмыстарына алғыс айтылып, сонымен қатар келер жылда жобаға қосар іс-шаралар ұсынылып, жобаның артықшылығы мен жетілдіретін тұстары жайында сөз қозғалды.