Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен кездесу

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығымен кездесу

Жақында Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған жазасын өтеушілер Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы оқыту бөлімінің өкілі Еркеш Жакуповамен кездесті.

"Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп келген азаматтардың қоғамнан өз орындарын табуы үшін оларды еңбекпен қамтудың маңызы зор"-дейді Е.Жакупова. Сонымен қатар ол жазасын өтеп жатқан жасөспірмдерге бостандыққа шыққан соң қалай жұмыс табу мен кәсіби білім алу жолдарын түсіндірді.