
Алматы қаласы Бостандық ауданының пробация қызметіне Алматы қаласы Алмалы аудандық сотынан Т. атты сотталғанның қоғамнан оқшауланбайтын жазаға тартылғаны туралы үкім келіп түскен болатын. Сотталған Т-ға үкім бойынша 200 сағаттық қоғамдық жаза белгіленген.
Алайда сотталған Т. есепке тұру үшін пробация қызметіне келген жоқ. Осыған орай сотталушының тұрғылықты мекенжайын тексерген пробация қызметі оның үкімде көрсетілген мекенжайда және тіркелген жерінде тұрмайтынын анықтады. Алғашқы іздестіру шараларын жүргізу барысында пробация қызметкерлеріне сотталушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмады.
Сотталған Т-ға қатысты ҚР ҚАК-нің 61-бабының 5-тармағына сәйкес іздестіру жариялау үшін материалдар Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотына жіберілді. Іздеу жарияланғаннан кейін сотталушының орналасқан жері анықталған жағдайда, оны қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты үшін бір күндік қамауға ауыстыру қаупі бар.