
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты мекемелерді білікті кадрлармен толықтыру маңызды іс. Осы орайда жуырда ЛА-155/18 мекемесінің Кадр саясаты бөлімінің мамандары 7552 әскери бөлімінде болып, әскери міндеттерін өтеу уақыты аяқталуға жақын сарбаздармен кездесті. Кездесу барысында Кадр саясаты бөлімінің мамандары сарбаздарды қылмыстық-атқару саласында қызмет істеуге шақырып, ішкі істер органдарында қызмет атқарудың ерекшеліктері туралы кеңінен әңгіме өткізді.
Атап айтқанда 45 жасқа толған қызметкерлердің зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі бар. Еңбек демалысы кезінде екі еселенген жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді және еңбек демалысы уақытында жалақысы сақталады. Қызметкерлер республикалық бюджет есебінен толықтай нысандық киіммен қамтамасыз етіледі және Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндігі бар.
Кездесу барысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысы тұрақты әрі әр уақытта көтеріліп келе жатқаны да айтылды. Мысалы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы 30 пайызға өсті. Ішкі істер органдарында қызмет атқарудың маңызды ерекшеліктерінің бірі – тұрғын үйді жалдау үшін қызметкерге және оның отбасының әрбір мүшесіне өтемақы төленеді.
ҚАЖД ЛА-155/18 мекемесінің жеке құрамын толықтыру мақсатында өткізілген кездесу кезінде сарбаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.